25 сәуір
М.Лермонтов атындағы орыс драма театры
зовите меня джордж

зовите меня джордж

«Мені Джордж деп атаңыз» музыкалық қойылымы – аса көрнекті композитор, пианист Джордж Гершвиннің тағдыры, жеңісі мен шығармашылық ізденісі жайында.

Жаңа дүниенің ең танымал тұлғаларының бірі, өзінің таланты мен дарынының арқасында барлық жетістікке жеткен америкалық классикке көрсетілген құрмет. Американың алғашқы ұлттық операсы атанған, Гершвин шығармашылығының шыңы «Порги және Бесс» туындысының тарихы баяндалады.

Қойылым көрермендерге түрлі эмоция сыйлайды: , әйгілі Армстронг, Фитцджеральд, Рахманинов, Чарли Чаплин сынды танымал тұлғалар арамызға оралып, әлемдік джаз классикасы, «бродвей» элементі бар әсерлі хореография, жанды музыка ерекше әсерге бөлейді.

«Счастливые Поют» қойылымы сәтті шығып, халықтың сұранысы көп болғандықтан, жобаның шығармашылық және продюсерлік тобы жаңа бір музыкалық генидің өмірін көрсетуді қолға алды. Идея авторы, сценарист, вокал партияларын орындаушы – Ирэна Аравина. Режиссер және сценарий авторы – «ARTиШОК» театрының көркемдік жетекшісі, театрдың негізін қалаушы – Галина Пьянова. Актерлер: Шыңғыс Капин, Айсұлу Әзімбаева және көпшілікке танымал Евгений Жуманов.

Спектакль премьерасы 2018 жылдың 30 сәуірінде қойылып, М.Лермонтов атындағы орыс драма театрының залы екі мәрте лық толы болды.

Жақында

Музыкалық құрам:
Владимир Демченко – клавиш
Владимир Осипов – гитара
Қайрат Ахметов – ұрмалы аспап
Вячеслав Тихонов – контрабас
Ольга Громова – скрипка
Эдуард Саршаев – саксофон
Константин Логвинов – труба

Ән салатындар:
Ирэна Аравина
Бауыржан Мусин


Актерлік құрам:
Евгений Жуманов
Айсұлу Әзімбаева
Шыңғыс Капин
Лев Кузнецов


Драматургия
Галина Пьянова

Қоюшы құрам:
Режиссер – Галина Пьянова
Суретші – Антон Болкунов
Дыбыс режиссері – Игорь Минич
Жарық қоюшы режиссер – Алексей Злобин
Хореограф – Анатолий Фролов
Костюм бойынша суретші – Любовь Возженникова
Музыкалық жетекші – Ирэна Аравина

Продюсер - «Ant-Re» компаниясы

ЗОВИТЕ МЕНЯ ДЖОРДЖ
композитордың өмірінен алынған әңгімелер

Біздің анностардан хабардар болыңыз
Әлеуметтік желідегі парақшаларымызға тіркеліңіз
© 2019 STAGES