Silk Music Fest – классикалық, джаз және этникалық музыканың халықаралық фестивалі. Бір жыл бойы талантты вокалистер мен дарынды музыканттар өнер көрсететін концерттер сериясы. «Silk Music Fest» – жағымды музыкамен құлақ құрышын қандыратын, қаланың мәдени өмірін жандандыратын коммерциялық емес жоба.
«Silk Music Fest» аясында бірегей музыканттардың концерті өтті. Гитарист Станислав Барек (Чехия), трубада ойнаушы Сергей Пронь (Ресей), гитарист Адам Рафферти (АҚШ), пианистер дуэті – Рафил Минеев және Александр Титов (Ресей), Майкл Джексонның үш әлемдік турында бірге болған гитарисі – Дженнифер Баттен (АҚШ), трубада ойнаушы және мәскеулік Джаз оркестрінің жетекшісі Петр Востоков (Ресей), дудукта ойнаудың шебері Дживан Гаспарян (Армения, АҚШ); сонымен қатар, Чарльз Тернер (АҚШ) мен Мишель Уокер (АҚШ) сынды талантты вокалистер де қатысты. «Silk Music Fest» шарасына Константин Хабенский мен Юрий Башмет жетекшілік ететін «Солисты Москвы» камерлік ансамблі Астана, Алматы қалаларында өнер көрсетті. Бұл концерт халықтың зор ықыласына бөленіп, әнсүйер қауымның оң бағасын алды. Сондай-ақ, оңтүстік және солтүстік астананың мәдени өміріндегі есте қаларлық шаралардың бірегейі болды.
SILK MUSIC FEST